Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ішкі талдауы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды басқарма басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі №219-ө бұйрығымен құрылған жұмыс тобы жүргізді.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы  басқарма өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

  • басқармасының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормаларды анықтау;
  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • мүделлер қақтығысын реттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;
  • басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
  • бұқараралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
  • басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • сот актілері.

Талдамалық анықтама:

  1. Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілермен және құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және бұзышылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Талдау қорытындысы бойынша дискрециялық уәкілеттіктер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға ықпал ететін нормалар анықталмады.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Басқармада бүгінгі күнге мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалпы штат саны – 30, нақты – 29, оның ішінде бос  орындар – 1. Келісім шарт бойынша жалпы штат саны – 5, нақты – 5, бос орындар – жоқ.

  Сонымен қатар, меритократия бойынша басқарманың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс нәтіжесінде тағайындалғандар 4.

  Жыл басынан бері басқарма басшының 627 бұйрығы (оның ішінде: негізгі бұйрықтар – 397, жеке құрам бойынша бұйрықтар – 230) дайындалды.

  Жыл басынан бері басқарманың 6 қызметкеріне тәртіптік шара қолданылды. Оның ішінде: 2 – ескерту, 3- сөгіс, 2- қатаң сөгіс.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады. Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.

  1. 2019 жылдың  11 қарашасынан бастап  2019 жылдың 6 желтоқсанды қоса алғанда   Қазқастан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментімен  аудиторлық іс шара (тексеру) жүргізілді. Мемлекеттік аудиттің түрі – қаржылық есептілік аудиті. Мемлекеттік  аудитпен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31  желтоқсанын қоса алғандағы кезең  қамтылды.

Басқармаға  қатысты тексеру нәтижелері:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі №ІМАД-5-8/4361 нұсқамасы;

       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2019 жылғы 13   желтоқсандағы  № 1 аудиторлық есебі.

Аталған тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.

Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы туралы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы, «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен, ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 Бұйрығы,  «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 Бұйрығы, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 Бұйрығы, «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 07 қыркүйектегі  №444 Бұйрығы, «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымындағы №261 Бұйрықтары бойынша техникалық оқу жүргізілді.

Басқармада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында (алты) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеушісі болып табылады, алайда мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

Басқармада бақылау-қадағалау функцияларына:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мега Паскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

- Тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

- Жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау қызметтері жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» №898 Жарлығымен, жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына, тұрмыстық газ баллондарын және газ жүйелерінің нысандарына  бақылау жасау функциялары берілген болатын.

Берілген бақылау міндеттерін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына құқықтар мен өкілеттіктер берілуі тиіс. Мемлекеттік инспектор мәртебесі болуы қажет. Алайда «Азаматтық қорғау» және «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңдарда ондай нормалар бекітілмеген. 

Дегенменде,«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында:

- жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекцияларының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газбен жабдықтау объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қауіпті техникалық құрылғыларды мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларға адал қызмет көрсеткені үшін жауаптылықты арттыру бойынша;

- уәкілетті органның әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау бойынша тексеру парақтарының нысандарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту бойынша функцияларын беру бойынша нормалар көзделген.

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша өнірлік штаб отырысына ақпарат дайындап, жоспарланған 5 штаб отырысы ұйымдастырылды. Жазғы уақытта үш кәсіпорынның («ТЭО» АҚ, «ТТЭ» МКК, «Жамбыл-Жылу» МКК, «Теміржол Жылу» МКК) жөндеу жұмыс жоспары келісіліп және олардың орындалуы қамтамасыз етілді.

Жылыту маусымын жұмысын үйлестіру мақсатында, және оны өткізу Қағидаларына сәйкес, «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы бойынша өңірлік штаб жұмысының жоспары» бекітілген,               2019 жылдың 28 қарашасынан 2020 жылдың 9 сәуір аралығында 6 штаб отырысын өткізу жоспарланған. 2019 жылдың 30 желтоқсанында  штаб отырысы өткізілді. Басқарманың жауапты мамандары жергілікті орнына шығып зерделеу жұмыстарын жүргізіп, штаб отырысында анықталған кемшіліктерді қарастырып оларды жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы №99 қаулысы танылады.
  2. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша басқарма қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентімен мақұлданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы жөнінде  семинар өткізілді.  Сонымен бірге, Басқарма тарапынан   ағымдағы жылы  бұқаралық ақпарат  құралдарда  1 мақала жарияланды.
  3. Жыл басынан бері басқармаға 4073 хат түскен. Оның ішінде: жоғары тұрған органдардан –2981, басқарма тарапынан 4346 хаттар жолданды.

         Жеке және заңды тұлғалардан – 782 өтініш түскен, оның                                     44-ы қанағаттандырылған, сондай-ақ, 239 өтініш басқа органға қарауға жолданып, 543 –не түсіндірмелік жауаптар берілген.

         Өтініштерде мерзімін бұзып жауап беру және сыбайлас жемқорлық айғақтары анықталған жоқ.

  1. Басқарманың атынан «ТПЭП» ЖШС шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың №174 келісім шартында көрсетілген міндеттемелерді орындамағаны үшін Жамбыл облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотынан «ТПЭП» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды, Басқармаға келтірілген залалдарды толық қөлемде өтеуге міндеттеуді және қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алғаны үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде әр кешіктірген күндері (2018 жылдың 01 желтоқсанынан 2019 жылдың 01 ақпанына дейін – 62 күн) үшін 28 164 207,42 теңге 00 тиын және (2019 жылдың 01 қаңтарынан 2019 жылдың 01 ақпанына дейін – 31 күн) үшін 1 784 242,82 теңге, барлығы - 29 948 450 теңге тұрақсыздық айыбын жергілікті бюджетке өндіруді сұрады.

          Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотында №3115-19-00-2/77 жоғарыда аталған азаматтық іс қаралып, 2019 жылғы 19 наурызда  сот шешімімен  Басқарманың талаптары мақұлданды.

          Одан басқа, Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотында (№3115-18-00-2/4003 іс) «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Жанатас Құрылыс Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыппұл өндіру туралы (13000 теңге) талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, 2019 жылғы 10 қаңтарында сот шешімімен Басқарманың талаптары ішінара мақұлданды.

          Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотында (№3115-19-00-2/931) «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Монтажник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыппұл өндіру туралы (304000 теңге) талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, 2019 жылғы 11 қаңтарында сот шешімімен Басқарманың талаптары ішінара мақұлданды.

Сонымен бірге, Басқарманың атынан «Лидер -НК» ЖШС шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың №173 келісім шартында көрсетілген міндеттемелерді орындамағаны үшін Жамбыл облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотынан «Лидер-НК» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды, Басқармаға келтірілген залалдарды толық қөлемде өтеуге міндеттеуді және қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алғаны үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде 117 күнге кешіктірген үшін  19 700 000 теңге тұрақсыздық айыбын жергілікті бюджетке өндіруді сұрады.          Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотында №3115-19-00-2/2657 жоғарыда аталған азаматтық іс қаралып, 2019 жылғы 15 қарашада   сот шешімімен  Басқарманың талаптары ішінара мақұлданды.      Сот «Лидер-НК» ЖШС-нен қызмет көрсету мерзімдерін 16 күнге өткізіп алғаны  үшін 1 008 000 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлды  мемлекеттік  кірісіне өндіруді шешті.

Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша Басқармада құқық бұзушылықтар анықталмады.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлері ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастырады және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуын қамтамасыз етеді.

 

 

ЖҰМЫС ТОБЫ МҮШЕЛЕРІ:

 

 ______________ Ж.Аитбеков

 

 _______________А.Байбеков

 

______________Г.Ниязова

 

______________М.Онгаров

 

______________Ж.Сексенбаева

 

                                                                    

______________ Қ.Сметова