Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2015 жылғы 3 қарашадағы №55-ө бұйрығына

6-қосымша

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі туралы

 

ЕРЕЖЕ  

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  4. Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.

 

 

 

  1. Газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

 

  1. Мiндетi:

Газ және газдандыру саласында нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарын қамтамасыз етеді. Мүдделі  мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті негізінде апатты тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, қауіпті өнеркәсіптік нысандарды пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарын техникалық куәландыру;

Азамматтық қорғау заңы жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық қағидаларын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Функциялары:

  • Газ саласы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау;
  • Газ және газдандыру саласында мемлекеттік стратегиялық нұсқауларын, нормативтік-құқықтық актілерін келісуге ұсыныс беру;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілеу және орындау;
  • қауіпті өндірістік нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, техникалық құрылғыларды материалдарды қолдануға жол беру;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қауіпті техникалық құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру;
  • қауіпті өндірістік обьектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялау;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай ақ өндірістік бақылау;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі;
  • жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
  • қауіпті өндірістік обьектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу;
  • қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару.
  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Құқығы және міндеті:
  • газ және газдандыру саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша, белгілі тәртіппен және өз құзыреті шегінде тексеру және мемлекеттік қадағалау;
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

 

  1. Газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімiнiң қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Басқарманың газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  5. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үйлестiредi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.