Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2015 жылғы 3 қарашадағы №55-ө бұйрығына

2-қосымша

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі туралы

 

ЕРЕЖЕ  

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі  Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма)  құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  4. Бөлім бөлім басшысы мен бір бас маманнан тұрады.

 

 

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
  2. Мiндетi:

Облыс бойынша мемлекеттік және жергілікті энергетика және энергоүнемдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, орындау. Облыстың жалпы энергетика кешендерін дамытудың бірыңғай стратегиясын жүргізу. Электр энергиясын шығарумен, жеткізумен және тасымалдаумен айналысатын облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың материалдық техникалық  базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды жүзеге асыру. Облыс аумағында орналасқан электроэнергетикасын өндіретін мекемелердің материалдық техникалық базасын күшейту сұрақтары мен модернизациялау жұмыстарына талдау жасап, үйлестіру.

Функциялары:

  • электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділігін көтеруге қатысты үйлестіру жұмыстарының бюджеттік бағдарламасына бақылауды жүзеге асыру;
  • жылдың күзгі-қысқы жылыту маусымында электроэнергетика нысандарында дайындық жұмыстарының орындалуын бақылау және талдау;
  • энергоүнемдеу және энерготиімділік кешенді бағдарламасына сәйкес қала мен аудан әкімдерінің энергоүнемдеу және энерготиімділік бағдарламасын орындауына талдау жасау, мониторинг жүргізу;
  • облыс қалалары мен аудандарының энерготиімділік пен энергоүнемдеу жұмыстарына координация жасап үйлестіру және талдау;
  • Жамбыл облысының энергоүнемдеу және энерготиімділікті көтеру кешенді жоспары жүргізілуін, орындалуын және жүзеге асырылуын бақылау, талдау аналитикалық мәліметтер дайындап ақпарат жіберу;
  • энергоүнемдеу және энерготиімділік жұмыстарына аудит ұйымдастыру;
  • елді мекендердің электр энергиясы қажеттілігін қамтамасыз ету;
  • электрмен жабдықтауға бақылау және коммерциялық шығынды төмендету шарасын жүргізу және талдау;
  • балама және жаңартылған энергия көздерін орнатуына ықпал жасап талдау жүргізіп отыру;
  • облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;
  • Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.
  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Құқығы және міндеті:
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • құрылымдық бөлімшедегі мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінiң қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Басқарманың электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  5. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үлестiредi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.