«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2017 жылғы 15 наурыздағы

№35-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (3-1)

 

1.Жалпы ережелер

 

  • Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі басшысы бір бас маманға басшылық жасайды;
  • Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің бас маманы уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.
  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі басшысының құқықтары

 

  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысу.
  • Басқарманың қызметін жақсарту бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу.
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыру.
  • Өз құзыретіндегі құжаттарға бұрыштама және қол қоюға, Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету.
  • Баскарманың құрылымдық бөлім басшыларынан, мамандары мен қызмсткерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұрату (есептер, түсініктсмелер және т.б.).
  • Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғауға;
  • ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес басқа да құқықтарды пайдаланады;
  • Басқарма басшылығына өзі басшылық жасайтын:

1) мамандарға еңбек демалысын беру;

2) мамандарға тәртіптік шара қолдану және марапаттау, сыйақы беру сұрақтары бойынша ұсыныстар жасау.

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі басшысының міндеттері

 

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және тұрғын                     үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;

3.2. Жамбыл облысының даму бағдарламасының электр энергиясымен қамту және жабдықтау, жаңартылған энергия көздерін дамыту жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған аумақтың даму  жоспарын әзірлеу және бекіту;

3.3. Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;

3.4. Белгіленген тәртіпке сәйкес отын энергетика кешені қызметкерлеріне атақтар, дипломдар және басқа да марапаттау мәселелері бойынша жоғары тұрған  органдарға құжаттарды ұсыну;

3.5. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, мемлекеттік қызметті жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекетттік қызмет министрлігі бұйрықтарын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдерін, бұйрықтарының орындалуын бақылайды;

3.6. Мекеменің жұмысын ұйымдастырып, әрі басшылық жасап, мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, тікелей міндет жүктеледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері үшін белгіленген шектеулерді қолданады;

3.7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді;

3.8. Қазақстан Республикасының  Заңдарының, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастырады, облыс әкімдігінің қаулысы мен бұйрығын, Басқарма басшысының жұмыстарының іске асуын қамсыздандырады;

3.9. Бөлім хабардарлығына қатысты Басқарма басшысының ұсыныс енгізуін қарастырады;

3.10. Облыс аумағындағы электр энергиясын өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындарының дамуына біріңғай комплекстік стратегия жүргізуіне, ағымдағы мәселелерді шешуге және аумақтағы болашақта жаңғырту мақсатында комплекстегі әлеуметтік – экономикалық бағыттарға ұсыныстар енгізеді;

3.11. Бақылайтын функциялар: электр энергиясының өндіріс және тұтыну көлемдері бойынша жыл сайын мониторинг ұйымдастырады, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын нығайту және жаңғырту сұрақтарын, өндірістік қуатты орынды қолдану, материалдық ресурстар, қосымша жұмыс орындарын дайындау, толық салықтық қаржылардың түсуін және бюджетке төленетін коммуналдық төлемдердің қызметіне талдау жүргізу;

3.12. Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды;

3.13. Өз саласындағы кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерін  мадақтау  туралы ұсыныс береді;

3.14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және тұрғын                       үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыруға атсалысады;

3.15. Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының тапсырмаларын орындау;

3.16. Ағымдағы қызметтерді орындайды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерін, ұйғарымдардың орындауы және облыс әкiмдiгiнің, басқарма басшысы және оның орынбасарының нұсқауларын қамтамасыз етедi;

3.17. Облыс әкімдігінің мәжілісі шешім жобаларын және Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды;

3.18. Басқармаға қатысты электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету сұрақтарын дайындауға ықпал етеді;

3.19. Басқарманың жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстарын ұйымдастырады.

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі басшысының жауаптылығы

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

                                                                                                                                                        

                                     (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)           

«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2017 жылғы 15 наурыздағы

№35-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты (3 -2)

 

1.Жалпы ережелер

 

  • Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің бас маманы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің бас маманы тікелей бөлім басшысына бағынады.
  • Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі бас маманының құқықтары

 

2.1. Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;

2.2. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;

2.3 Өз құқығы мен қызметтік міндеттерінің орындалуына басқарма басшысының, орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының басшысының ықпалын талап етуге;

2.4. Өз құқығы мен қызметтік міндеттерінің орындалуына басқарма басшысының, орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының басшысының ықпалын талап етуге;

2.5. Бөлім қызметкерлері, құрылымдық бөлім  басшыларынан, мамандары мен қызметкерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұратуға (есептер, түсініктемелер және т.б.).

 

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі бас маманының міндеттері

 

   3.1. Ағымдағы іс-жүргізу құжаттарына бақылау жұмыстарын жүргізу және орындау;

  3.2. Кіріс, шығыс құжаттарының және азаматтардың арыз-шағымдарын тіркеу және бекітілген мерзімге сәйкес орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізу;

     3.3.  Электр энергетика нысандары жұмысын үйлестіру, тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларды күзгі-қысқы маусымға дайындау іс-шараларын ұйымдастыру және орындау.

     3.4. Елді мекендерді электр энергиясымен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.

     3.5. Электрмен жабдықтау нысандарының жұмысы бойынша күнделікті оперативті мәлімет дайындау.

         3.6. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-IV Заңы талаптарын орындалуын үйлестіру, энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру бойынша облыс әкімнің шешімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтарын орындау;

    3.7. Балама және жаңартылатын энергия көздері нысандарын енгізуге ықпал жасап талдау жүргізіп отыру.

    3.8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының басқармаға қатысты тармақтары бойынша ақпарат дайындау және осы қаулының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақпарат беру.

    3.9. Электрмен жабдықтау нысандарының жұмысы бойынша шұғыл мәліметтер дайындайды. Елді мекендерді электр энергиясымен жабдықтауға ұсыныстар енгізеді.

   3.10. Электрмен жабдықтауға бақылау және техникалық ысыраптарды төмендетуге бағытталған шаралар жүргізеді және талдайды.

   3.11. Орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №1180 қаулысына сәйкес есепті кезеңде тиісті ақпарат дайындап жіберу.

   3.12. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа дайындығы туралы паспортын алуға дайындығын қадағалайды.

  3.13. Облыс аумағында республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен салынатын электр энергетика нысандарының құрылыс жұмыстарының орындалу барысына жергілікті жерге шығып орындалуына бақылау жүргізеді.

  3.14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасының тармақтарын орындау.

  3.15. Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыруға қатысты басқада нормативтік құқықтық актілер мен республикалық және облыстық бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізу.

  3.16. Облыстағы аудандар мен Тараз қаласы аумағында «АСКУЭ» жүйесіндегі электр энергиясын есептейтін автоматтандырылған есептеу құралдарының орнатылу мәселесіне мониторинг жүргізеді.

  3.17. Балама және жаңартылатын энергия көздері объектілерімен өндірілетін электр энергия көлемдеріне, мониторинг жүргізіп отырады.

      3.18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, тікелей міндет жүктеледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері үшін белгіленген шектеулерді қолданады;

  3.19. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша анықтама және басқа мәліметтер дайындау.

 

 

  1. Электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімі бас маманының жауаптылығы

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

  

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

 

                                                                                                                                                        

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)