Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2019 жылғы 09 тамыздағы

 №208-ө бұйрығына

3-қосымша

 

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергетикасы бөлімі туралы

 

ЕРЕЖЕ  

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жылу энергетикасы бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  4. Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.

 

 

  1. Жылу энергетикасы бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

 

  1. Мiндетi:

1) жылу энергетика кәсіпорындарының (әрі қарай - Кәсіпорындар) жұмыстарын үйлестіру, Кәсіпорындармен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының нормативтік-заңнамалық актілерін, Қазаќстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, салалық министрліктердің қаулыларын, хаттамалары мен тапсырмаларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, хаттамаларын, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

            3) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Кәсіпорындардың экономикалық сауықтыру жөніндегі іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;

4) шығынды кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөнінде жоспарлауға қатысу;

5) Жамбыл облысының даму бағдарламасының отын энергетика жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған аумақтың даму  жоспарын әзірлеу және бекіту.

 

Функциялары:

1) республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік өтінімдерді дайындау және уәкілетті органдарға белгіленген тәртіппен жіберуді қамтамасыз ету;

2) өз құзыреті шегінде, өзге департаменттер мен басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, жылу энергетика субъектілерінің қызметін ұйымдастыру және реттеу жөнінде іс–шаралар әзірлеу;

3) қалалар мен аудандар әкімдерімен, жылу энергетика кешені басшыларымен өзара әрекеттесу, техника-экономикалыќ саясатты жүргізу;

4) Кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне ықпал жасау, өз құзыреті шегінде аймақтық және республикалық деңгейде Кәсіпорындардың мүдделерін қорғау;

5) Өңдеу, басқарудың облыстық, мемлекеттiк құрылымдары және олардың орындауына стратегиялық және индикаторлық бағдарлама әлеуметтiк-экономикалық дамуы қысқа мерзiмдi және жедел мерзiмде өңдейді және оларды бақылайды;

  • Ағымдағы қызметтерді орындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенттің актілерін орындалуын қадағалайды. Қалаларда сумен қамтамасыз ету және облыстағы кіші қалалардың қазандықтарын қажетті отынмен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерін, ұйғарымдардың орындауы және облыстың әкiмшiлiгi, басқарма басшысы және оның орынбасарының нұсқауларын қамтамасыз етедi;
  • Басқармадағы отынмен қамтамасыз ету сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.
  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Құқығы және міндеті:
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

 

  1. Жылу энергетикасы бөлімінiң қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Басқарманың жылу энергетикасы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  5. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үйлестiредi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.