«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы,

Д-О-3 санаты (5-1)

 

1.Жалпы ережелер

 

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бір бас маманға басшылық жасайды;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының құқықтары

 

  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысу.
  • Басқарманың қызметін жақсарту бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу.
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыру.
  • Өз құзыретіндегі құжаттарға бұрыштама және қол қоюға, Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету.
  • Баскарманың құрылымдық бөлім басшыларынан, мамандары мен қызмсткерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұрату (есептер, түсініктсмелер және т.б.).
  • Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғауға;
  • ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес басқа да құқықтарды пайдаланады;
  • Басқарма басшылығына өзі басшылық жасайтын:

1) мамандарға еңбек демалысын беру;

2) мамандарға тәртіптік шара қолдану және марапаттау, сыйақы беру сұрақтары бойынша ұсыныстар жасау.

 

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндеттері

 

3.1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды;

3.2. Бөлім қызметкерлеріне қызметтік  нұсқаулықтарға  сәйкес   жұмыстарды  бөледі  және  оның  сапалы, уақытылы  орындалуын  қадағалау;

3.3. Облыс аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық дамуына бірыңғай комплекстік стратегия жүргізуіне, ағымдағы мәселелерді шешуге және аумақтағы болашақта жаңғырту мақсатында комплекстегі әлеуметтік – экономикалық бағыттарға ұсыныстар енгізеді, олардың тіршілік әрекетін толық жетілдіру сферасында мемлекетпен, қоғаммен және басқа ұйымдармен тар ынтымақтыстықта болу.

3.4. Бақылайтын функциялар: мониторинг ұйымдастырады және коммуналдық шаруашылық жағдайын, аумақта орналасқан коммуналдық шаруашылықтың материалды-техникалық базасын нығайту және жаңғырту сұрақтарын, өндірісті кескіндеу қауырсынын, өндірістік қуатты орынды қолдану, материалдық ресурстар, қосымша жұмыс орындарын дайындау, толық салықтық қаржылардың түсуін және бюджетке төленетін коммуналдық төлемдердің қызметін талдау.

3.5. Тұрғын-үй қоры нысандарында құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстарымен айналысатын мердігерлік кәсіпорындардың жұмыстарын орындау барысын бақылау және ұйымдастыру; тұрғын-үй қорын және инженерлік жүйелерді жылыту маусымына дайындау жұмыстарын бақылауды жүзеге асыру; тұрғын-үй қорының тиісті жабдықтарын, инженерлік коммуникацияларын пайдалануды және жөндеуді бақылауға алу; кондоминимум нысандарын құру жұмыстарын бақылауға алу; пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК)  қызметтерін кординациялау және бақылау; тұрғын-үй нысандарын жылыту маусымына дайындау туралы штаб мәжілісіне құжаттарды дайындау.

3.6. Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға тұрғын жай беру мәселелері бойынша мониторинг жүргізу; көп қабатты тұрғын-үйлердің ортақ үйлік мүліктерін жөндеуді бақылау; облыс аумағындағы елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру мәселелерін бақылау және үйлестіру; қоқыс тазартумен және абаттандырумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын бақылау; абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселелері бойынша облыстық кеңеске шығарылатын сұрақтарды және құжаттарды дайындау.

3.7. Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды; коммуналдық шаруашылықтың нәтижесін талдап қорытады, керек кезде энергетика және коммуналдық шаруашылықтың тұрақты функцияларын тоқтататын қателер болса Басқарма басшысының қарауымен өзгертулер енгізеді, Басқармадағы коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сұрақтарын дайындауға қатысады.

3.8. Бөлімдегі жауапты қызметкерлерді қызметке тағайындау немесе босату,  сонымен қатар мадақтау туралы ұсыныс береді.

3.9. Орындауға берілген кіріс – шығыс  хаттар мен құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз – шағымдарды, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында іске асыруға атсалысады.

 

 

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының жауаптылығы

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

 

                                                                                                                                                        

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)       

 

 

 

 

 

 

«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы,

Д-О-4 санаты (5-2)

 

1.Жалпы ережелер

 

1.1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманының құқықтары

 

2.1. Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;

2.2. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;

2.3 Өз құқығы мен қызметтік міндеттерінің орындалуына басқарма басшысының, орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының басшысының ықпалын талап етуге;

2.4. Бөлім қызметкерлері, құрылымдық бөлім  басшыларынан, мамандары мен қызметкерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұратуға (есептер, түсініктемелер және т.б.).

 

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманының міндеттері

 

3.1. Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, әкімнің шешімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтарын орындау.

3.2. Басқармадағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сұрақтарын дайындау.

3.3. Тұрғын-үй қоры нысандарында құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстарымен айналысатын мердігерлік кәсіпорындардың жұмыстарын орындау барысын бақылау және ұйымдастыру.

3.4.  Пайдалану мерзімі өткен апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу және қайта қалпына келтіруге мүмкіндігі бар үйлердің тiзiмін құрап, оларға қаражаттың бөліну мәселесін ұйымдастыру.

3.5. ТКШ нысандарын қаржыландыру сұрақтары, соның iшiнде:

тұрғын-үйлердi жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің лифттерін, оның техникалық мiнездемесi, тар жерлерін, оның жөндеу жұмыстарына, тiзiмдi құрауға ықпал  етеді.

3.6. Облыс аудандарындағы ПИК-ті кескіндеу, заң орнатушы құжаттарды анықтау, экономикалық көрсеткiштер, ұсыныс және кемшiлiктердің тізімін дайындайды.

3.7. Тұрғын-үй қорын және инженерлік жүйелерді жылыту маусымына дайындау жұмыстарын бақылауды жүзеге асыру, тұрғын-үй қорының тиісті жабдықтарын, инженерлік коммуникацияларын пайдалануды және жөндеуді бақылауға алу.

3.8. Кондоминимум нысандарын құру жұмыстарын бақылауға алу, тұрғын-үй нысандарын жылыту маусымына дайындау туралы штаб мәжілісіне құжаттарды дайындау, мемлекеттік тұрғын-үй қорынан әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға тұрғын жай беру мәселелері бойынша мониторинг жүргізу.

3.9. Көп қабатты тұрғын-үйлердің ортақ үйлік мүліктерін жөндеуді бақылау.

3.10. Жамбыл облысында жылыту мерзімін дайындау және жүргізу Ережесіндегі бөлімге қатысты сұрақтарды басшылыққа алып, Тараз қаласы және аудандар әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс атқару.

3.11. Облыс аумағындағы елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру мәселелерін бақылау және үйлестіру, қоқыс тазартумен және абаттандырумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын бақылау, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық мәселелері бойынша облыстық кеңеске шығарылатын сұрақтарды және құжаттарды дайындау.

3.12. Қазақстан Республикасы салалық бағдарламаларының іске асырылуына бақылау жүргізу.  

3.13. Бөлім компетенциясына кіретін сұрақтар бойынша анықтама және басқа мәліметтер дайындау.

3.14. Ағымдағы қызметтерді орындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенттің актілерін орындалуын қадағалайды. Коммуналдық шаруашылық бойынша облыс әкiмiнiң шешiмдерін, ұйғарымдардың орындауы және облыстың әкiмшiлiгi, басқарма басшысы және оның орынбасарының қаулыларын қамтамасыз етедi.

3.15. Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды.

3.16. Басқармадағы коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.

3.17. Өңдеу, басқарудың облыстық, мемлекеттiк құрылымдары және олардың орындауына стратегиялық және индикаторлық бағдарлама әлеуметтiк-экономикалық дамуы қысқа мерзiмдi және жедел мерзiмдер өңдейді және оларды бақылайды.

3.18. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қызметтік субъектілерін талдау және болжамдау.

3.19. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің лифттерін, оның техникалық мiнездемесi, тар жерлерін, оның жөндеу жұмыстарына, тiзiмдi құрауға ықпал  етеді.

3.20.  Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасында қарастырылған ережелерді басшылыққа алып, Тараз қаласы және аудандардың әкімдіктерімен, облыстық басқармалармен, департаменттермен бірлесіп жұмыс атқару.

3.21.  Орындауға берілген кіріс – шығыс  хаттар мен құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз – шағымдарды, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3.22. Басқарманың басқармаға қарасты мекемелердің жұмысына басшылық жасау, жұмысын талдау оған баға беру.

 

 

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманының жауаптылығы

                                                                                        

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

                                                                                                                                                        

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)