«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Қаржы- шаруашылық бөлімінің басшысы,

Д-О-3 санаты (9-1)

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Бөлім басшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, мемлекеттік мекемелерде «бухгалтерлік есеп», Үкіметтің актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету туралы» ережесі, «мемелекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтарының (активтерінің) тозуын бухгалтерлік есепте айқындаудың және көрсетудің тәтібі туралы» ережесі және өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.2.  Бөлімде бір бас маманға басшылық жасайды

1.3. Бөлімнің бас маманы уақытша болмаған кезде міндетін қоса атқарады.

 

  1. Қаржы- шаруашылық бөлімі басшысының құқықтары

2.1.   Бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі, тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, сонымен қатар нұсқауға сәйкес бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

2.2.  Бөлім маманына қызметтік міндеттерін бөліп береді;

2.3. Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға (төлем шоты, келісім-шартты тіркеуге, жоспарға өзгеріс енгізу анықтамаға) қол қояды;

2.4. Бақармаға қарасты кәсіпорындардың штат кестесін бекітуіне келісім беру;

2.5. Басқармаға қарасты кәсіпорындардың негізгі құралдарға түгендеу жүргізу;

2.6. Басқарма басшылығына өзі басшылық жасайтын:

1) мамандарға еңбек демалысын беру;

2) мамандарға тәртіптік шара қолдану және марапаттау, сыйақы беру сұрақтары бойынша ұсыныстар жасау.

2.7. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру.

2.8. ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес басқа да құқықтарды пайдаланады;

 

  1. Қаржы- шаруашылық бөлімі басшысының міндеттері

3.1.  Бөлімнің жалпы жұмысын ұйымдастыру, жоспарлауды жүзеге асыру,  және орындалуын бақылау;

3.2. Орталық орындаушы органдармен келісілген бағдарламалар мен өзге құжаттарды жергілікті басқарушы органға бекітуге әзірлеу және ұсынуды ұйымдастыру;

3.3. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасының және басқармаға қарасты кәсіпорындардың стратегиялық жоспарын, қаржыландырудың жеке жоспарын және жиынтық жоспарын бақылау.

3.4. Басқарманың айлық, тоқсандық және жылдық есептерді жасау, оларды қаржы және экономика басқармасына өткізу (баланс).

3.5. Басқарманың және басқармаға қарасты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептерін жүргізілуін үйлестіру және тексеру.

3.6. Басқарма қызметкерлерінің жалақыларын, еңбек демалысын дер кезінде есептеу, іс-сапар шығындарын есептеп бекітуге енгізу. Есептелген еңбек демалысын, қызметкерлердің жалақысын және іс-сапар шығындарын Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты  қызметкердердің карт-шотына өткізу.

3.7. 1-С бағдарламасы бойынша: жалақы есептеу, - мем.ордер № 5; басқа мекемелермен есеп айырысуын жүргізу - мем.ордер №6;  есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуын жүргізу мем.ордер№ 8,; мем. ордер № 9 қайтарымсыз материалдық құндылықтарды беру және қабылдап алуын жүргізу, мем.ордер №13 материалды жарамсыздығы бойынша есептен шығаруын  жүргізу. № 6, 2 –ші мемориальный ордерлерді жүргізу. Бақылау.

3.8. Бас кітапқа жүргізілген мемориальный ордерлерді қондыру.

3.9. Бөлімге өткізілген ф-2, ф-3 жұмысты қабылдау актілері бойынша дер кезінде Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты мердігерлердің шотына  жіберу.

3.10. Сатып алынған материалдық құндылықтарды  Қазынашылық клиент арқылы қаражатты аудару.

3.11. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржының игерілуін бақылау.

3.12. Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттеме және төлем бойынша жеке жылдық жоспарларын бекіту, қаржы басқармасы және Қазынашылық департаментіне өткізу.

3.13. Ай-сайынғы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарына міндеттеме және төлем бойынша өзгерістер енгізу (мекемелердің жасалынған өтінімі бойынша). Басқарманың ай сайынғы жылдық жоспарға өзгертілген өтінімді өз уақытында Қазынашылық банкіге өткізу.

3.14. Бюджеттік қаражаттардың орындалуына бақылау жасайды;

3.15. Басқарманың қаржыландыру сметасын бекітуге ұсыну. Басқармаға қарасты кәсіпорындардың толық жоспарланған қаржыларының орындалуын қадағалау және стратегиялық, салалық бағадарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізу. Мемлекеттік органның негізгі құралдарына түгендеу нәтижесін жүргізеді және қаржы басқармасына ұсынуды ұйымдастырады.

3.16. Еңбекақы қорларының дұрыс жұмсалуын, штаттық, лауазымдық қызметақы, әкімшілік-шаруашылық және өзге шығындардың есеп айырысу тәртібінің дұрыс сақталуын, басқарманың және басқармаға қарасты мекемелердің өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу,  бюджеттік бағдарламаларының орындалуын және бюджет қаржысын мақсатты жұмсауын бақылайды.

3.17. Республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына тікелей жауапты. Мемлекеттік  мекемелермен, Министрліктермен, Үкіметті органмен, ықтимал өнім берушілермен, сырт мекемелермен, сондай құрылымдық бөлімшелермен Басқарма құзырындағы мәселелер бойынша хаттарға жауап жобасын әзірлейді;

3.18. Басқарма басшысының бұйрығын, басқарма басшысының орынбасарлары берген өзге де тапсырмалардың орындалуын  бақылауға алу;

3.19. Бөлімнің ішкі еңбек тәртіптемесін сақтау;

3.20. Бөлімнің қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты.

 

  1. Қаржы- шаруашылық бөлімі басшысының жауапкершілігі

 

4.1.Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін;

            4.2.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

            4.3.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

            4.5. Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

 

                                                                                                                                                        

(Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, датасы)        

 

 

 

 

 

«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты (9-2)

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Бас маман өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, мемлекеттік мекемелерде «бухгалтерлік есеп», Үкіметтің актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы «бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету туралы» ережесі, «мемелекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтарының (активтерінің) тозуын бухгалтерлік есепте айқындаудың және көрсетудің тәтібі туралы» ережесі және өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Бөлімнің басшысы уақытша болмаған кезде міндетін қоса атқарады.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының құқықтары

 

2.1.Нұсқауға сәйкес бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін жүзеге асыру;

2.2. Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға (төлем шоты, келісім-шартты тіркеуге, жоспарға өзгеріс енгізу анықтамаға) қол қояды;

2.3. Бақармаға қарасты кәсіпорындардың штат кестесініңжобасын әзірлеу;

2.4. Бақармаға қарасты кәсіпорындардың негізгі құралдарға түгендеу жүргізу;

2.5. Бөлім мамандарын сыйақыландыру бойынша ұсыныстар жасау.

2.6. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының міндеттері
    • Басқарма қызметкерлерінің жалақыларын, еңбек демалысын дер кезінде есептеу, іс-сапар шығындарын есептеп бекітуге енгізу.
    • Есептелген еңбек демалысын, қызметкерлердің жалақысын және іс-сапар шығындарын Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты  қызметкердердің карт-шотына өткізу.

3.3. 1-С бағдарламасы бойынша: жалақы есептеу, - мем.ордер № 5; басқа мекемелермен есеп айырысуын жүргізу - мем.ордер №6;  мем.ордер №13 материалды жарамсыздығы бойынша есептен шығаруын  жүргізу. № 2 –ші мемориальный ордерлерді жүргізу.

3.4. Бөлімге өткізілген ф-2, ф-3 жұмысты қабылдау актілері бойынша дер кезінде Қазынашылық клиент арқылы бюджеттік қаражатты мердігерлердің шотына  жіберу.

3.5. Сатып алынған материалдық құндылықтарды  Қазынашылық клиент арқылы қаражатты аудару.

3.6. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржының игерілуін жүзеге асыру.

 3.7. Облыстық стат басқармасына тоқсандық 1-Т нысаны бойынша еңбек туралы есеп  және де басқа есептерін дайындап өткізеді;

3.8. Қызметтік көліктерге берілетін автошиналарды, қосалқы бөлшектерін, жанар-жағар майдың берілетін нормаларын сақтауын қадағалау.

Ай сайын қызметтік көліктерге берілетін жолдама парағын тіркеу және тарату.

3.9. Басқарманың қаржыландыру сметасын, штаттық кестесін әзірлеу және бекітуге ұсыну.

 Мемлекеттік органның негізгі құралдарына түгендеу нәтижесін жүргізеді және қаржы басқармасына ұсынуды ұйымдастырады.

Мемлекеттік  мекемелермен, Министрліктермен, Үкіметті органмен, ықтимал өнім берушілермен, сырт мекемелермен, сондай құрылымдық бөлімшелермен Басқарма құзырындағы мәселелер бойынша хаттарға жауап жобасын әзірлейді;

3.10. Басқарма басшысының бұйрығын, басқарма басшысының орынбасарлары берген өзге де тапсырмалардың орындалуын жүзеге асыру;

3.11. Бөлімнің ішкі еңбек тәртіптемесін сақтау;

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының жауапкершілігі

 

4.1.Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін;

            4.2.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

            4.3.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

            4.5. Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                              

 

                                                                                                                                                        

(Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, датасы)