«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің басшысы,

Д-О-3 санаты (2-1)

 

  1. Жалпы ережелер

 

  • Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің басшысы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің басшысы ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөліміне басшылық жасайды.
  • Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас мамандары уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау

бөлімі басшысының құқықтары

 

  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысу.
  • Басқарманың қызметін жақсарту бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу.
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыру.
  • Өз құзыретіндегі құжаттарға бұрыштама және қол қоюға, Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету.
  • Баскарманың құрылымдық бөлім басшыларынан, мамандары мен қызмсткерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұрату (есептер, түсініктсмелер және т.б.).
  • Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғауға;
  • ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес басқа да құқықтарды пайдаланады;
  • Басқарма басшылығына өзі басшылық жасайтын:

1) мамандарға еңбек демалысын беру;

2) мамандарға тәртіптік шара қолдану және марапаттау, сыйақы беру сұрақтары бойынша ұсыныстар жасау.

 

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау

бөлімі басшысының міндеттері

  • Басқарманың ұйымдастыру – бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
  • Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.
  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі актілерінің, басқарма басшысының бұйрықтарын, олардың жекелеген тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, анықталған кемшіліктерді, олардың орындалмау немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі актілерінің, басқарма басшысының бұйрықтарының орындалу барысын тексеру нәтижелері және жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде қабылданған шаралар туралы басқарма басшысын хабардар етеді, сондай-ақ, олардың тиісінше орындалмауына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуы бойынша тәжірибелік көмектер көрсету;
  • Облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастыру, облыс әкімдігінің мәжілісіне, аппараттық кеңеске енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу;
  • Жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақытылы орындалуына бақылау жасайды;
  • Басқарма басшысымен өткізілетін кеңестерге қатысып, хаттамалайды және олардың орындалуына бақылау жүргізеді;
  • Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады;
  • Мұрағат жұмыстарын жүргізеді;
  • Мекемедегі мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуын тұрақты бақылайды;
  • Басқарма басшысының негізгі қызмет бойынша бұйрық жобаларын дайындайды.
  • Басқармаға қарасты мекемелерде басқарушылық қызмет пен орындаушылық тәртіпті қадағалайды.
  • Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау

бөлімі басшысының жауапкершілігі

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                              

 

                                                                                                                         

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)       

 

 

 

 

 

 

 

«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы

Д-О-4 санаты (2-2)

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Басқарманың ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы (кадр қызметі) өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы (кадр қызметі) болмаған жағдайда оның міндетін жазбаша түрде жүктеген тұлға атқарады. Бұл жағдайда бас маман басқа тұлға арқылы келісілген немесе қол қойылған құжаттар үшін жауап бермейді.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі

бас маманының құқықтары

 

2.1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;

2.2. Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2.3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі

бас маманының міндеттері

 

3.1. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

3.2.  Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманының (кадр қызметі) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету;

3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

3.3. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманының (кадр қызметі) міндеті: мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.

3.4. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманының (кадр қызметі) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзде де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманының (кадр қызметі) олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің

бас маманының жауапкершілігі

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін;

         4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

         4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

         4.5. Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                              

 

                                                                                                                         

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)       

 

 

 

 

«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№28-ө бұйрығымен

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы,

Д-О-4 санаты (2-3)

 

  1. Жалпы ережелер

 

  • Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің бас маманы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау

бөлімі бас маманының құқықтары

 

  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысу.
  • Өз құзыреті шеңберінде әрекет ету мақсатында қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан, өзге мекемелерден және жеке тұлғалардан алуға және сұрау;
  • Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап ету;
  • Бөлім басшысының келісімімен бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметтеріне қатысты ақпарат жариялауға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыру.
  • Баскарманың құрылымдық бөлім басшыларынан, мамандары мен қызмсткерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұрату (есептер, түсініктсмелер және т.б.).
  • ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес басқа да құқықтарды пайдаланады.
  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау

бөлімі бас маманының міндеттері

 

  • Басқарманың ұйымдастыру – бақылау жұмыстарын жүргізеді.
  • Басқармадағы құжатайналымды ұйымдастырады және іс-номенклатурасы бойынша бақылау жүргізеді.
  • Басқармада, оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдары талаптарына, облыс әкімі аппаратының «Іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулығына» сәйкес біртұтас тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз етеді.
  • Басқармаға келіп түскен құжаттарды, тапсырмаларды уақтылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылауда ұстайды және мерзімінде орындалып, жеткізілуін қамтамасыз етеді;
  • Жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақтылы орындалуын қадағалайды.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесі» № 51 қбп қаулысына сәйкес «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізеді (кіріс құжаттарды тіркеу және орындаушыларға жеткізу, олардың кері қайтарылуына, істердің бастапқы қалыптасуына бақылау жасау);
  • Жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақтылы орындалуын қадағалайды, олардың тізбесін жасайды;
  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін және 1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізеді және береді.
  • Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізілуін қамтамасыз етеді;
  • Азаматтар мен ұйымдардың бөлімге келіп түскен арыздарын тіркейді және оның орындаушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді, орындалуына бақылау жүргізеді;
  • Басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастырады;
  • Басқарма басшысының атына азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен арыздарға талдау жүргізеді;
  • Басқарманың сенім телефонына және азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшікке түскен арыз-шағымдармен, тұлғалар өтініштерімен жұмыс жүргізеді;
  • Облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастыру, облыс әкімдігінің мәжілісіне, аппараттық кеңеске енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу;
  • Басқарма басшысымен өткізілетін кеңестерге қатысып, хаттамалайды және олардың орындалуына бақылау жүргізеді;
  • Мұрағат жұмыстарын жүргізеді.
  • Басқарманың ресми интернет-ресурсының уақытылы және сапалы толықтырылуына және жаңартылуына жұмыс жүргізу.
  • Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Облыстық ақпараттық жүйелермен жұмыс жүргізу.
  • «Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет порталында (ИПГО)», №1-ОЛ нысанды «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» деректер базасында, IBM Notes кіріс-шығыс құжаттар базасында, «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінде құжат айналымды жүргізіп, тиісті түрде ақпараттың енгізілуі бойынша жұмыс жүргізу.
  • БАҚ-мен жұмыс жасайды, БАҚ беттерінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша жарияланған мақалаларға мониторинг жасайды.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі

бас маманының жауапкершілігі

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                              

 

                                                                                                                         

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)