Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2019 жылғы 29 қаңтардағы №47-ө бұйрығына 1-қосымша

 

 

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі туралы

 

ЕРЕЖЕ  

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы»   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  4. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  5. Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.

 

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
  2. Мiндетi:

Басқарманың ұйымдастыру – бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету, басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Басқармадағы құжатайналымды ұйымдастыру және іс-номенклатурасы бойынша бақылау жүргізу, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

  • Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі актілерінің, басқарма басшысының бұйрықтарын, олардың жекелеген тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, анықталған кемшіліктерді, олардың орындалмау немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі актілерінің, басқарма басшысының бұйрықтарының орындалу барысын тексеру нәтижелері және жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде қабылданған шаралар туралы басқарма басшысын хабардар етеді, сондай-ақ, олардың тиісінше орындалмауына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
  • басқарманың құрылымдық бөлімшелерінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуы бойынша тәжірибелік көмектер көрсетеді;
  • облыс әкімдігінің мәжілісіне, аппараттық кеңеске енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысады;
  • басқармада, оның құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңдары талаптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 703 қаулысына сәйкес біртұтас тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз етеді;
  • басқармаға келіп түскен құжаттарды уақтылы тіркеп, сараптама жүргізе отырып, тиісті орындаушы лауазым иелеріне жеткізуді ұйымдастырады, орындалуын бақылауда ұстайды және мерзімінде орындалып, жеткізілуін қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесі» № 51 қбп қаулысына сәйкес «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмысты жүргізеді (кіріс құжаттарды тіркеу және орындаушыларға жеткізу, олардың кері қайтарылуына, істердің бастапқы қалыптасуына бақылау жасау);
  • жоғарғы органдардан түскен және облыс әкімімен, әкімдігімен қабылданған бақылауға алынған актілердің уақтылы орындалуын қадағалайды, олардың тізбесін жасайды;
  • басқарма басшысымен өткізілетін кеңестерге қатысып, хаттамалайды және олардың орындалуына бақылау жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іс жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізілуін қамтамасыз етеді;
  • басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізулерін ұйымдастырады;
  • облыс әкімінің атына азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен арыздарға талдау жүргізеді;
  • басқарманың сенім телефонына және азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшікке түскен арыз-шағымдармен, тұлғалар өтініштерімен жұмыс жүргізеді;
  • Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады;
  • Мұрағат жұмыстарын жүргізеді;
  • Мекемедегі мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуын тұрақты бақылайды;
  • Басқарма басшысының бөлімге қатысты негізгі қызмет бойынша бұйрық жобаларын дайындайды.
  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

7 Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы  қамтамасыз ету;

3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімінің міндеті: мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын,  сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.

  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі:

1) Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

  1. Құқығы және міндеті:
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • мемлекеттік және өзге   органдар,   меншік   түріне   қарамастан
    кәсіпорындар,   ұйымдар   мен   мекемелер   басшыларынан   және   лауазымды
    тұлғаларынан    қажетті    мәселелер    бойынша    жазбаша    және    ауызша
    түсініктемелер, қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге материалдарды сұратып алуға;
  • басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.
  1. Ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімiнiң қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Басқарманың ұйымдастыру, бақылау-жинақтау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  5. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үйлестiредi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.