«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 11 шілдедегі

№184-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (8-1)

 

1.Жалпы ережелер

 

  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімі басшысы өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы бөлімнің төрт   бас маманына  басшылық жасайды;
  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас мамандары уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

бөлімі басшысының құқықтары

 

2.1. Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;

2.2. Басқарманың қызметін жақсарту бойынша облыс әкімдігінің (Әкіміне) қарауына ұсыныстар енгізуге;

2.3 Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;

2.4. Өз құзыретіндегі құжаттарға бұрыштама және қол қоюға;

2.5. Өз құқығы мен қызметтік міндеттерінің орындалуына басқарма басшысының, орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының басшысының ықпалын талап етуге;

2.6. Бөлім қызметкерлері, құрылымдық бөлім  басшыларынан, мамандары мен қызметкерлерінен, басқармаға қарасты мекемелерінің басшыларынан қажетті ақпарат сұратуға (есептер, түсініктемелер және т.б.).

 

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, заң қызметі және отынмен қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндеттері

 

3.1. Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;

3.2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бұйрықтарын,  облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдерін, бұйрықтарының орындалуын бақылау;

3.3. Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының  бұйрықтары мен тапсырмаларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының тапсырмаларын орындау;

3.4. Мекеменің жұмысын ұйымдастырып, әрі басшылық жасап, мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін дербес жауапкершілік белгілене отырып, тікелей міндет жүктеледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері үшін белгіленген шектеулерді қолданады;

3.5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді;

3.6. Қазақстан Республикасының  Заңдарының, Қазақстан Республикасы  Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындалуын ұйымдастырады,  облыс әкімдігінің қаулысы мен бұйрығын, Басқарма басшысының жұмыстарының іске асуын қамсыздандырады;

3.7. Бөлім хабардарлығына қатысты Басқарма басшысының ұсыныс енгізуін қарастырады;

3.8. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу конкурстарына мүше ретінде қатысады.

3.9. Облыс бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізеді.

3.10. Тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады.

3.11. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы ережеге сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді.

3.12. Мемлекеттік сатып алуға байланысты рәсімдердің уақтылы және сапалы өткізілуіне тікелей жауап береді. Тапсырыс берушілермен (сатып алуды  бастаушыларымен) конкурс өткізуге уақтылы өтінім ұсынуын, мемлекеттік сатып алуды жүргізу мерзімдерінің сақталуын  бақылайды.

3.13. Жоғарғы мемлекеттік органдардан келіп түсетін бақылаудағы хаттарды қарастырып, мерзімінде жауап беру, облыс басшыларының, басқарма басшысының және оның орынбасарларының тікелей берген тапсырмаларын мерзімінде орындау.

3.14. Бөлімдерден тапсырыстарды жинақтау және мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау. Конкурстық комиссияның жұмысына өкіл және хатшы ретінде қатысу.

3.15. Мемлекеттік сатып алуға байланысты рәсімдердің уақтылы және сапалы өткізілуіне тікелей жауап береді.

 

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

бөлімі басшысының жауаптылығы

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін.

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін.

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін.

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

 

                                                                                                                                                        

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«БЕКІТІЛДІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық басқармасының 2019 жылғы 11 шілдедегі

№184-ө бұйрығымен

 

 

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің

бас маманы, Д-О-4 санаты (8-2, 8-3, 8-4, 8-5)

 

1.Жалпы ережелер

 

  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы  өз қызметі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы  тікелей басқарма басшысына, басқарма басшысының  коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарына және бөлім басшысына бағынады.
  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда міндетін қоса атқарады.

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің

бас маманының құқықтары

 

             2.1. Басқарманың құрылымдық бөлімдері және олардың мамандарымен бірігіп жұмыс істеу;

             2.2. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін белгіленген тәртіп бойынша қажетті материалдарды және ақпараттарды алу;

             2.3. Басқарманың жұмысын жақсартуға, тиімділігіне ұсыныстар енгізу;

             2.4.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің

бас маманының міндеттері

 

            3.1. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы  Үкіметі, Облыс әкімі, облыс әкімдігінің, облыстық мәслихат актілерінің орындалуын жүзеге асырады.

3.2. Облыс бойынша конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату, электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдауға, ұйым басшылығы үшін конкурстарға қатысу жөнінде ұсынымдар дайындауға, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастыру және қолдауға, тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізуге, Тапсырыс берушіден конкурстық құжаттаманы, өтінімді алуды жүзеге асыруға, сатып алу іс-шараларына қажетті техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады.

3.3. Мемлекеттік сатып алу сайттарына мониторинг жүргізеді. Конкурстық комиссияға дайын құжаттарды ұсынады. Компания қатысатын конкурстар мен баға ұсыныстарының нәтижелеріне бақылау жүргізеді, компанияға тендерге қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы алады, мемлекеттік сатып алу конкурсы туралы алынған нәтижелерді талдайды, қайталама конкурс, баға ұсыныстары туралы ақпарат алады.

3.4. Конкурстық құжаттаманы дайындауға жұмсалатын шығынды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге өтінім беруге қатысады. Компания әкімшілігінің өкімдері мен бұйрықтарын орындайды.

3.5.  Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу туралы ережеге сәйкес құжаттаманы жүргізеді. Бюджеттік әкімшімен хат-хабар алмасады.

3.6. Тауар немесе өнімнің белгілі бір түрлерін сатып алу үшін Ережеге сәйкес сарапшылармен консультациялық хат-хабар алмасуды жүргізеді.

3.7. Бюджет қалыптастыруға, өтінім беруге және мемлекеттік сатып алудың жоспарын жасауға қатысады. Бекітілген өтінімдерді мемлекеттік органдардың сайттарына өзі береді.

3.8. Нысандардың жобалау және құрылыс жұмыстары (қайта жөңдеу, жөңдеу) саласында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы  ретінде  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, облыс және Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жасайды.

3.9. Мемлекеттік сатып алу конкурстарына мүше ретінде қатысады. Басқармаға жүктелген міндеттер аясында бөлім басшысының ауызша немесе жазбаша тапсырмасымен басқа да жұмыстар атқарады.

3.10.Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша  берген арыз-шағымдарына  жауап дайындайды.

3.11. Жоғарғы мемлекеттік органдардан келіп түсетін бақылаудағы хаттарды қарастырып, мерзімінде жауап беру, облыс басшыларының, басқарма басшысының және оның орынбасарларының тікелей берген тапсырмаларын мерзімінде орындау.

3.12. Басқармада құқықтық жалпы оқу жұмыстарын ұйымдастырып,  жүргізеді, осы жұмыстар бойынша  уәкілетті  органдарға есеп береді.

 

 

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманының жауаптылығы

 

4.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген және осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін;

4.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құқық бұзушылықтар және өз құзыретіне сәйкес қызмет атқару барысында жіберілген құқық бұзушылықтар үшін;

4.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген материалдық залалдарды келтіргені үшін;

4.4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді орындамағаны үшін;

4.5.  Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамағаны үшін.

 

 

ТАНЫСТЫМ:                                                                                               

 

                                                                                                                                                        

                 (Мемлекеттік қызметшінің аты, жөні, тегі, қолы, күні)