Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2019 жылғы 29 қаңтардағы №47-ө бұйрығына

2-қосымша

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімі туралы

 

ЕРЕЖЕ  

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Сумен қамтамасыз ету бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  4. Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.

 

  1. Сумен қамтамасыз ету бөлімінің негiзгi мiндеттерi,

функциялары мен құқықтары

 

  1. Мiндетi:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;
  • Жамбыл облысының даму бағдарламасының су жөніндегі бөлігін дайындау және оның орындалуын бақылау, бес жылға арналған аумақтың даму жоспарын әзірлеу және бекіту;
  • Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау, орындалуын қамтамасыз ету. Басқармада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының орындалуын бақылау.

Функциялары:

  • сумен қамтамасыз етілген елді мекендер бойынша жыл сайын мониторинг ұйымдастырады, аумақта орналасқан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын нығайту және жаңғырту сұрақтарын, өндірістік қуатты орынды қолдану, материалдық ресурстар, қосымша жұмыс орындарын дайындау, толық салықтық қаржылардың түсуін және бюджетке төленетін коммуналдық төлемдердің қызметін талдау;
  • шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының бұйрық жобаларын дайындайды;
  • сумен беру және кәріз қызметі нәтижесін талдап қорытады, керек кезде энергетика және коммуналдық шаруашылықтың тұрақты функцияларын тоқтататын қатерлер болса Басқарма басшысының қарауымен өзгертулер енгізеді, Басқармадағы сумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының нысандарын жаңғырту сұрақтарын дайындауға қатысады;
  • өз саласындағы кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерді мадақтау  туралы ұсыныс береді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыруға атсалысады;
  • Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша орынбасарының тапсырмаларын орындау;
  • Ағымдағы қызметтерді орындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенттің актілерін орындалуын қадағалайды. Қалаларда сумен қамтамасыз ету және облыстағы кіші қалалардың қазандықтарын қажетті отынмен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерін, ұйғарымдардың орындауы және облыстың әкiмшiлiгi, басқарма басшысы және оның орынбасарының нұсқауларын қамтамасыз етедi;
  • Шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының хаттары мен бұйрықтарын дайындайды;
  • Басқармадағы сумен қамтамасыз ету сұрақтарын дайындауға ықпал етеді;
  • Өңдеу, басқарудың облыстық, мемлекеттiк құрылымдары және олардың орындауына стратегиялық және индикаторлық бағдарлама әлеуметтiк-экономикалық дамуы қысқа мерзiмдi және жедел мерзiмде өңдейді және оларды бақылайды;
  • Басқарманың басқармаға қарасты мекемелердің жұмысына басшылық жасау, жұмысын талдау оған баға беру;
  • Облыс әкімдігі мәжілісіне ұсынылатын материалдардың облыс әкімдігінің Регламентіне сәйкес дайындалуын ұйымдастырады;
  • Облыс әкімінің қаулысын, өкімін, шешімін және облыс әкімі орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, басқарма басшысының бұйрығын және оның орынбасарларының берген өзге де тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алады.
  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Құқығы және міндеті:
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекеме басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.
  1. Сумен қамтамасыз ету бөлімiнiң қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Басқарманың сумен қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  5. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үйлестiредi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.