Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының

2019 жылғы 09 тамыздағы

 №208-ө бұйрығына

2-қосымша

 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының заң қызметі және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі туралы

 

ЕРЕЖЕ  

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Заң қызметі және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлiмше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлiмшенiң құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Жамбыл облысының әкімдігі бекiтедi.
  4. Бөлім бөлім басшысы мен екі бас маманнан тұрады.

 

  1. Заң қызметі және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі бөлімінің негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

 

  1. Мiндетi:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында іске асыру және жоба дайындау;
  • Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;
  • Мемлекеттiк органдардың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк оpгандардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау, орындалуын қамтамасыз ету. Басқармада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарының орындалуын бақылау және ішкі талдау жүргізу.

Функциялары:

  • шешім жобаларды және облыс әкімінің бұйрықтары мен облыс әкімдігінің мәжілісін, Басқарма басшысының бұйрық жобаларын дайындайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функцияларға сәйкес мемлекеттік саясатты энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында іске асыруға атсалысады;
  • Бөлімнің ағымдағы жұмысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Заңдылықтарының орындалуын ұйымдастыру, Әкімнің шешімдерін, бұйрықтарын және облыс әкімдігінің қаулыларын орындау;
  • Басқарманың барлық мемлекеттік сатып алу және талап арыздар бойынша заңдылық жұмыстарын жүргізеді, олар бойынша мониторинг жүргізеді;
  • Басқармада Қазақстан Республикасы заңдарының дұрыс пайдалануын бақылап, басқа бөлімдерге осы бағытта кеңес береді;
  • Өңдеу, басқарудың облыстық, мемлекеттiк құрылымдары және олардың орындауына стратегиялық және индикаторлық бағдарлама әлеуметтiк-экономикалық дамуы қысқа мерзiмдi және жедел мерзiмде өңдейді және оларды бақылайды;
  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзiрлейдi немесе әзiрлеуге қатысады, мекемеде құқықтық жұмыстарға әдiстемелiк тұрғыдан басшылық етудi жүзеге асырады, құқықтық құжаттарды дайындау және ресiмдеуде құрылымдық бөлiмшелерге құқықтық көмек көрсетедi, мекеме қызметкерлерiн қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерiстер жөнiнде ақпараттандыруды, қызметкерлерге ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да заң мәселелерi бойынша кеңес бередi, қорытындылар жасайды, мүлiктiк-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актiлердi ресiмдеуге жәрдемдеседi.
  • Бөлімдерден тапсырыстарды жинақтау және мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау. Конкурстар өткізуге құжаттар даярлау.
  1. Қазақстан Республикасының осы саланың заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
  2. Құқығы және міндеті:
  • Басқарманың қызметіне қатысты облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерімен, облыс әкімінің өкімімен танысуға;
  • Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер бойынша басқармаға қарасты мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты жүзеге асыруға;
  • Басқарманың құрылымдық бөлімшелері мамандарының арасында жүктелген қызметтік міндеттерін уақытылы және толық орындалуын талап ету;
  • Мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау.

 

  1. Заң қызметі және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімiнiң

қызметiн ұйымдастыру

 

  1. Заң қызметі және мемлекеттік сатып алуды талдау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлімнің басшысы  құрылымдық бөлiмшенiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы Басқарма басшысына құрылымдық бөлiмшенiң құрылымы мен штаттық кестесi бойынша ұсыныстар бередi.
  5. Бөлім басшысы:

1) бөлім мамандарының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) бөлімнің қызметiн  үйлестiредi;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi атынан басқа құрылымдық бөлiмшелерге жiберiлетiн құжаттарға құрылымдық бөлiмшенiң басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.